Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті

Өткен аптада ауданымыздағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

Дарынды, талантты, тапқыр, мақсатқа ұмтылған балаларды анықтау мен оқушылардың зияткерлік және аналитикалық ойлауын, олардың танымдық белсенділік деңгейін арттыру мақсатындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 4-5 желтоқсан күні Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасы білім беру ұйымында ұйымдастырылды.

                                       

 

Олимпиаданың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Дуйсенова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Олимпиада тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан жіберілді.

Сонымен қатар, білім додасы жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық екі бағытта өтіп, оның өткізілу тәртібіне сай «ашықтық» пен «академиялық адалдығы» сақталды. Сондай-ақ, олимпиада ерекшеліктеріне сай жұмыстарды «Қамқоршылық кеңесінің» мүшелері мен ата-аналар қауымдастығы және де тәуелсіз сарапшылар құрамы қатысып, бақылау жасап, өз міндеттерін атқарды.

Екі күнге созылған 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі қорытындыланып, жүлделі орындар анықталды. Айта кететін болсақ, жүлделі орындарды иеленген оқушыларымыз алдағы уақытта олимпиаданың облыстық кезеңінде бақ сынайтын болады.

Қарғалы-АҚПАРАТ

 

 

ТегтерБілім