Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы наградталды.
Оның ішінде Ақтөбе қаласының полиция инспекторы Ф.Нұрманов «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне тақты.
Сондай-ақ, ұлтаралық бейбітшіліктің дамуына сіңірген елеулі еңбегі үшін🎖«Ел бірлігі» орденімен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты «Динар-Электромаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тең құрылтайшысы С.Вишняк марапатталды.