РӘМІЗДЕРІМ — МАҚТАНЫШЫМ!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері — Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі. Әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор.

Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,  даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары.

Рәміздер ұрпаққа өзгеше қастерлі белгілері болып қала бермек. Қыран бүркіттей күш-қуатымызды бейнелей желбіреген байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының  тереңінен тарап, ұлттық рухымыз бен шаңырағымыздың беріктігін көрсетуде.

Қазір ауданымызда 130-дан астам ұлт өкілдері туған елдің көк туының астында ауызбіршілікпен өмір сүруде. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш.

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін! Мерейлі мерекеде баршаңызға, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

Г.УРАЗБАЕВА,

аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы