Президент цифрлық активтер индустриясын дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

Фото: Ақорда
АСТАНА.KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорда жариялады.
ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев логистика саласындағы цифрландыру жөнінде мәлімдеген болатын.




