ПИРОТЕХНИКА – ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС!

сурет ашық дерекөздерден
Фейерверкті қолданар алдында нұсқаулықты міндетті түрде оқыңыз. Жандырғышты қолды созып тұрып тұтатыңыз, 20 метрден жақын тұрмаңыз.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
– Жұмыс істеп тұрған бұйымды қолға ұстауға;
– Жарылмаған пиротехникаға еңкеюге;
– Ғимарат ішінде және жанында пайдалануға;
– Адамдарға бағыттауға;
– Қолдан немесе бүлінген қаптамада сатып алуға.
Өміріңізді қорғаңыз – ережені сақтаңыз!
Өрт шыққан жағдайда 101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Қарғалы ауданының ТЖБ




