Ортақ іске үлес қосамыз

Зульфия НАБИУЛИНА, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша өкілділігінің төрағасы.

Мемлекет басшысының сессия отырысында ұлтаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтудың маңыздылығы туралы айтылған сөздері маған ерекше әсер қалдырды. Ассамблея 30 жыл бойы елдегі қоғамдық келісімді нығайту мен ұлттық бірлікті қолдаудың маңызды институты болды. Президентіміз алқалы жиында жалпыұлттық бірлік пен татулықты нығайту жолында адал қызмет етіп жүрген Ассамблеяның барлық белсенді азаматтарына шынайы алғысын білдірді.
Қасым-Жомарт Кемелұлының әр ұлт өкілдері арасындағы бірлікті сақтау, құрмет пен сенімді нығайту жөніндегі үндеуі жүрекке жетті. Осындай сәттерде бейбітшілік пен келісім жолында жасалған әрбір ізгі бастама, әрбір әрекет қаншалықты маңызды екенін терең түсінесің. Бұл елге пайдалы азамат болуға, ортақ іске үлес қосуға шабыттандырады. Біз бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтап, алға сеніммен қадам басуымыз керек. Сондықтан Ассамблея жастары еліміздің және облысымыздың дамуына, бірлік пен достықты сақтауға өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз.

aqtobegazeti.kz