Ономастикалық комиссияны есіне салды

14 наурыз — Амал күнімен тұспа-тұс келген жер жәннаты  Бурабайдың баурайында өткен ІV Ұлттық құрылтай жиынына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, әр бағытта ұсыныс-шешімдерін тапсырған болатын. Солардың бірі еліміздегі ономастика комиссиясының қатеріне берген тапсырмаға ой тастай кетсем.
Бұл көпшіліктің ойында жүрген өзекті мәселенің бірі болатын. Кез келген ауылдық жерде көз таныс, «өзіміздің адам» деп көше аттарын бере салатын жайттардың орын алып жататыны ақиқат. Осы солақай басшылықты тоқтатуға ықпал болар Президенттің шешіміне тоқтала кетсем.
Тарихи және мәдени мұрасы жолындағы маңызды қадам болып табылатын ережеге сүйенуді тапсырып, бұған дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан елді мекен, көше аттарын беру кезінде жіберілген қателіктер мен тамыр-таныстыққа бере салған олқылықтарға тоқталды. Осындай олқылықтарды ескере келе, ономастикалық саласын орталықтандыру арқылы бұл мәселелерді шешу және тарихи әділдікті қамтамасыз етуді де тапсырды. Сонымен қатар, тарихи тұлғаларды ұлықтар кезінде олардың еңбегін мұқият зерттеп, архив құжаттарын басшылыққа алуды да тапсырды.
Сайып келгенде, Ел Президенті ономастика саласын реттеу арқылы ұлттық нақыш, елдік бірлігімізді нығайтамыз деген ойын жеткізді. Айтса-айтқандай құрметтеуге тұрарлық тұлғаны құрметтегенге не жетсін?!

Бақыт Имашев,
ауданның «Құрметті азаматы»