Өңірлік кадр резервіне  іріктеу туралы

  Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде  Өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады.

         Жобаның негізгі мақсаты — жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.

         Іріктеуді Ақтөбе облысының Кадр комиссиясы жүзеге асырады.

Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналаса алады.

         Іріктеуге:

  • 35 жастан аспаған;
  • жоғары білімді;
  • жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

Іріктеу келесі  бағыттар аясында жүзеге асырылатын болады:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру.

Резервке іріктеу 5  кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең-құжат қабылдау

Кезең 1-31 наурыз аралығында өтеді. Кандидаттар құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz — жоба сайтында тапсыра алады.

Екінші кезең – заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу.

Үшінші кезең – «Құзыреттерді бағалау» Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді (алдын ала 22 сәуір – 7 маусым).

Төртінші кезең – «Комиссиядағы құрылымдық сұхбат»  кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында өткізіледі.

Бесінші кезең – «Комиссия отырысында» резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.

Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылатын болады.

Сондай-ақ кандидаттар іріктеуден өту тілін таңдап, әр кезеңнің өту күні мен уақытын таңдай алады. Өңірлік резервте болу мерзімі — 2 жыл.

Қосымша мәліметтерді Қарғалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің  22-9-02 телефон номерінен байланысып алуға болады.

Қарғалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі

 (кадр қызметі)

ТегтерЖоба