ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗДАРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА  

Ағымдағы жылдың қараша айынның 5 күні «ҚАЗАҚСТАНЫМ — АРДАҚТЫ МЕКЕНІМ» атты облыстық патриоттық әндер байқауы өтті.

Байқау Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, Шығармашылық Академиясы мен Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Сондай-ақ, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының 95 жылдық мерейтойы аясында өткізілген облыстық шараға балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың вокал класының оқытушылары қатысты.

Облыстық патриоттық әндер байқауына барлығы 20 өнерпаз қатысты. Байқау шартына сәйкес қатысушылар дуэт болып, патриоттық әндер орындады.  Ұстаздардың өнеріне  қазылар алқасы төрелік етті.

                               

Аталмыш байқауға ауданымыздағы балалар өнер мектебіндегі  “ВОКАЛ” бөлімінің ұстаздары Ерасыл Игизбаев пен Жасұлан Жұмабаев қатысып, нәтижесінде жүлделі ІІ орынды иеленіп, дипломмен және де қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Қарғалы-АҚПАРАТ