Өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын

— Егінге, шабындыққа, жайылымға қауіпжоқ. Шаруалардан да шағым түспеді. Шөптің шығымы өте жақсы, шегірткеден қауіп көрінбейді. Әйтеке би, Хромтау және Ойыл аудандарында улау жұмыстары жалғасып жатыр. Шегіртке шыққан кезде уланады, жаппай шығын жоқ. Тағы бір айта кететін жайт, 513 мың гектардың бәрін өңдеу мақсат емес. Шегіртке болмаса ол жерге у себілмейді, — дейді АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Асылхан Әбтиев.

Айта кетейік, улау жұмысы өңірімізде мамыр айында басталды. Ал былтыр облыста 820 мың гектардан астам жер өңделді. Әсіресе Ресеймен шекаралас аудандарда дернәсілдер табылып, уланған болатын.

Д.АЙДАР.

aqtobegazeti.kz