Оқушыларымыз жүлдегер атанды

Ақтөбе облысының қосымша білім беру ұйымдарының көркемсурет бөлімдері оқушылары арасында «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен ғұрыптары» атты сырттай өткізілген облыстық балалар сурет байқауы ұйымдастырылған еді. Нәтижесінде жерлестеріміз Александра Сидорова жүлделі І орынға ие болса,  Ақжан Джанабилова ІІ орынды иеленді.

Айта кететін болсақ,  байқауға қала, облыстың қосымша білім, көркемсурет мектептері мен шығармашылық дамыту орталықтарының 14 ұйымнан 63 жұмыс қатыстырылған. Сондай-ақ, ұйымдардың 11-17 жас аралығындағы қатысушылары арасынан үш жас ерекшелігі бойынша жұмыстардың түпнұсқасы қабылданған.

Осылайша, аталмыш облыстық сурет байқауында біздің аудандық балалар өнер мектебі оқушыларының жұмыстары үздіктер қатарынан көрініп, нәтижесінде бүлдіршіндеріміз жеңімпаздар қатарынан табылды.

Жұлдыз КЕНЖЕ

ТегтерЖетістік