Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен: су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы сынақтардан босатылды
Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) мен ТЖБ (тоқсан бойынша жиынтық бағалау) алынып тасталды.
Жылда сәуір айында өтетін оқушылардың білім жетістіктері мониторингінен Ақтөбе облысынан аса қатты зардап шеккен 3 аудандағы 9 мектеп (Қобда ауданы-2, Ойыл ауданы-4, Ырғыз ауданы-3) мүлдем босатылып, мониторингтің басталуы ағымдағы 15 сәуірден 13 мамырға ауыстырылды. Жоспар бойынша іріктелген 96 мектептің 87 мониторингіге қатысатын болады.
▪️ Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі – білім беру ұйымдарына тәуелсіз білім сапасын бақылау құралы, Министрлікпен іріктелген мектептерде өткізіледі.
aqtobegazeti.kz