ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Ағымдағы жылдың 2-3 қазан күндері Ақтөбе қаласында Спорт мектептері арасындағы Жалпы дене дайындығынан облыс чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа Бадамша БЖСМ командасы қатысып, спортшыларымыз жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жарысқа 6 командадан 80-ге жуық спортшы қатысты. Облыс чемпионатында Бадамша БЖСМ тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтар болсақ, 2011-2013 жылдары туылған қыз балалар арасында Ксения Шмальц пен 2007-2008 ж.т. қыз балалар арасында Лаура Каиржанова жүлделі І орынды жеңіп алса, Милла Ботнарь ІІ орынды, Андрей Мороз ІІІ орынды иеленді.
Осылайша, облыстық чемпионаттың командалық есебінде жүлделі ІІ орынға қол жеткізді.
Қарғалы-АҚПАРАТ