Мемлекеттік тілді білу – азаматтық парызымыз
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында айқын бекітілгендей, қазақ тілі ‑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Мемлекеттік тіл ‑ мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қашанда өз тілін, дәстүрін білмейтін халықтың болашағы бұлыңғыр. Тек рухани өзегі мықты халықтың ғана тарихы жоғалып кетпей аман қалатынын уақыт дәлелдеп келеді. Біздің ұлтымыздың ана тілінің –мемлекеттік тіл ретінде болашағы зор. Бүгінгі күні тіл мәселесі туралы аз айтылып жүрген жоқ. Ол тек рухани байлық көзі ғана емес, тұтас бір халықтың бет-бейнесі екені де анық. Соңғы екі-үш жылда мемлекеттік тілдің ахуалы жақсарғанын байқау қиын емес. Әсіресе хат-хабарлар алмасуда біз мемлекеттік тілдің үлесінің артып келе жатқанын анық айта аламыз.
Әр бір отбасы өз шаңырағында, көпшілік жерде, қоғамдық ортада қазақ тілінді сөйлеп тұрса ол өсіп келе жатқан ұрпақтарға үлгі болары анық.
Тілді білу –ол әр бір азаматтың парызы.
Яғни, азаматтар арасында патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік оянуы — бұл тілдің ахуалды мәселелерінің алдын алады. Мемлекеттік тілді дамыту ‑ біздің ортақ мүддеміз, бізге артылған ең үлкен жауапкершілік.
А.Б. КЕЛЬМАГАМБЕТОВА,
Қарғалы аудандық сотының
Бас маманы — сот отырысының хатшысы