Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.