Мемлекет басшысы бокстан Әлем кубогының финалына барды

2025 жылғы 06 шілде

Турнирде Қазақстан құрамасының үздік былғары қолғап шеберлері бақ сынады. Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан, Бекзат Нұрдәулетов, Виктория Графеева, Наталья Богданова және Санжар Тәшкенбай, Сабыржан Аққалықов және Айбек Оралбай World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал Нұрбек Оралбай, Елдана Тәліпова, Алуа Балқыбекова және Надежда Рябец күміс жүлдеге ие болды. Бұған дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.
Мемлекет басшысы ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті.
– Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
akorda.kz