Мекемелер арасындағы тартысты ойын

Биыл елімізде алғаш рет «Ветеринария қызметкерлерінің күні» аталып өтті. Бұл күн жануарлардың денсаулығы мен олардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпесүлес қосатын ветеринариялық мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған. 

         Осы орайда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  10 шілде — ветеринария қызметкерлері күніне орай мемлекеттік мекемелер арасында шағын футболдан аудандық ашық турнир өтті.

Ашық аспан астында өткізілген спорттық шараға мереке иелері мен  мемлекеттік мекемелер қатысты. Ойын қызықты да тартысты өтті. Нәтижесінде спорттық жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды — ветеринария құрама командасы ие болды. Ал ІІ орынды — аудандық бөлімдер құрама командасы ие болса, ІІІ орын — аудандық полиция бөлімінің  командасына бұйырды.

Сондай-ақ, ашық турнирдегі ойын барысында белсенділік көрсеткен қатысушылар да ұйымдастырушылар тарапынан түрлі номинациялармен марапатталды. Олар: «Үздік қорғаушы» — Жасқанат Қайырғалиұлы, «Үздік қақпашы» — Салимжан Ахметов, «Үздік шабуылшы» — Шахнияз Сақабаев.

Шара соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен кубоктар және де естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жұлдыз КЕНЖЕ

ТегтерТурнир