«Мейірім» қайырымдылық акциясы
Қарғалы ауданы бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша «Мейірім» қайырымдылық акциясы іске асырылуда.
Акцияның негізгі миссиясы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті жағдай жасау, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.
«Мейірім» акциясын жүзеге асыру аясында Қарғалы аудандық білім бөлімі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында, арнайы шоттарын толықтырып, қаржылай көмек беруге кәсіпкерлер мен демеушілерді қайырымды іске себепкер болуға шақырады.
Акцияның мақсаты:
— қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру;
— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау;
— балалардың кемел келешегі мен жарқын болашағы үшін демеушілерді тарту;
Акция шеңберінде кәсіпорындардың, бизнестің, мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік бағдарлау және одан әрі жұмысқа орналастыру, тұрғын үйді одан әрі сатып алу үшін «Отбасы банк» АҚ-да депозиттік шоттар ашу және толықтыру мақсатында «тәлімгерлерді» бекіту көзделген.
Барлық сұрақтар бойынша «Қарғалы ауданының білім бөлімі» ММ-не 23-2-30 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Қарғалы аудандық білім бөлімі