Медицина қызметкерінің күніне орай аудандық аурухана басшысы Берік Жаржановтың құттықтауы
Құрметті әріптестер, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Медицина қызметкерінің күні – бұл мерекелік іс-шаралар күнтізбесіндегі ерекше күн, өйткені бұл ең маңызды және асыл кәсіптің адамдарына, ең құнды нәрсеге – жақындарының өмірі мен денсаулығына сенетін мерекесі.
Сіздер халықтың денсаулығын жақсартып, ұлт сапасын арттыруға зор үлес қосып келесіздер.
Осы айтулы күнде барлық дәрігерлеріміз бен мейірбикелерге, техникалық қызметкерлерге алғыс айтып, ризашылығымды білдіргім келеді. Осындай мерейлі күнде еліміздің гүлденіп, көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша әріптестер мен ұжымдастарды төл мерекесімен құттықтаймын!
Қадірлі әріптестер, ұжымдастар!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанда медицина мамандарының мәртебесі мен беделі жоғары болу үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым айрықша көңіл бөледі. Көптеген заманауи емдеу орындарының салынуы, білікті мамандарды даярлауға бөлінетін грант санының көбеюі, осы сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілуі — соның айқын дәлелі. Түптеп келгенде, мұның бәрі салауатты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.
Сондықтан, Сіздерге аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы қажырлы еңбектеріңіз бен игілікті істеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.
Сіздер сындарлы сәттерде өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел сенімін ақтай білдіңіздер. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге амандық, бақ-береке тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
аудандық аурухана басшысы Б.Жаржанов