Медиациямен дауларды шешу

Медиация – дауларды шешудің баламалы жолы. Қазіргі таңда дауларды сот арқылы шешуден басқа баламалы шешудің түрлері көп, соның бірі медиацияның құқықтық реттелуі англосаксондық құқық жүйесінен бастау алған. Ұлыбританияда 1989 жылы «Медиатордың қатысуымен дауларды шешудің балама тәсілі (медиация процедурасы) туралы» федералды заң қабылданып, дауларды тиімді шешу орталығы құрылды. Орталық қазіргі уақытқа дейін медиаторларды дайындап, медиациямен шешілген даулардың статистикасын шығарды.

Медиация сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден бір жолы болмақ, яғни тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген сөздің мағынасы екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.

Қазақстанда медиацияның пайда болуы «Медиация туралы Заңның» қабылдануымен байланысты, ол осы саладағы негізгі заңнамалық актіге айналды.

Медиация сотқа дейінгі тәртіпте және азаматтық, еңбек, отбасы, басқа құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда, отбасы тұрмыстық қарым қатынас сипатындағы әкімшілік дауларда, жеңіл және ауырлығы орташа қылмыс санатындағы істер бойынша қылмыстық іс барысында қарастырылатын дауларда қолданылады.

Медиациялық тәртіптің мақсаты – тараптардың дауласуын болдырмай, даудың екі жақты да қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу. Медиацияның тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұл жерде ескере кететін жайт медиатор медиация тарабы болып табылмайтынын назардан шығармауға тиіспіз.

Еліміздегі медиацияның ерекшеліктерін айтатын болсақ, фасилитативті негізде алынды. Процедураның өзі ерікті жүргізіледі. Медиаторға міндетті түрде жүгіну жағдайлары заңнамада белгіленбеген. Сондай-ақ соттың дауласушы тараптарды өз бастамасы бойынша медиаторға жіберуге құқығы жоқ.

                                       А.С. САНДУАҚАС,

аудандық сотының сот отырысының хатшысы