МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні  аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Жиынды кеңес төрайымы Жаңылсын Ысмағұлова ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Ержан Есімбаев, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2024 жылғы 29 қарашада Қоғамдық кеңес отырысында берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау туралы» аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар  көлігі  және  автомобиль  бөлімінің  басшысы Азамат Өтегенов, ал екінші мәселе бойынша «Кадр жұмысы жайында» аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Жаңылсын Имангалиева, сондай-ақ, қосымша аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Дүйсенова, «Бадамша агротехникалық колледжі»  КММ басшысы Қайрат Қарағұлов, аудандық Мансап орталығының басшысы Саясат Спан хабарламалар жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Кеңес  мүшелері  күн  тәртібінде  қаралған  мәселелерді  талқылай отырып, өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіріп, талқылау   қортындысы   бойынша   тиісті   шешімдер  қабылданды.

Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары Ержан Есімбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін жеке кәсіпкер, қоғам белсендісі Мадина Искаковаға «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін табыс етті.

Қарғалы-АҚПАРАТ