Мәдениет саласы мамандары үздіктер қатарында

1 желтоқсан күні Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған жыл сайынғы дәстүрлі «Рухани қазына-2023» фестивалінің қорытынды кезеңінің жабылу салтанаты өтті.

«Рухани қазына-2023» фестивалінің жабылу салтанатында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев сөз сөйлеп, фестиваль жеңімпаздарын құттықтады.

Фестиваль қорытындысы бойынша «Аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Қанат Қартбаев үздік деп танылды.

Сондай-ақ, Петропавл модельді ауылдық кітапханасының меңгерушісі Адина Тлепиева Ең үздік модельді ауылдық кітапхана» номинациясы бойынша қатысып, Мәдениет және ақпарат вице-министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, “Рухани қазына —2023” Республикалық фестиваліне қатысқан Қарғалы аудандық мәдениет үйіне қарасты Жосалы ауылдық клубының меңгерушісі Азиля Арыстанова Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі А.Жүдебаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Қарғалы-АҚПАРАТ.

 

ТегтерЖетістік