Қызметімен құрметке бөленгендер

Қызметімен құрметке бөленгендер

ЖЫЛ САЙЫН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖАҚСАРЫП ҚАРЫШТАП ДАМЫП, ӨРЕЛІ ІСТЕР ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ. ЕЛІМІЗДІҢ ӘРБІР АЙМАҚТАРЫНДА АУРУХАНАМЕН ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯЛАР ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БОЙ КӨТЕРІП, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР, ҚОЛАЙЛЫ АППАРАТТАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛЫП, ДӨҢГЕЛЕК ҮСТІНДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЕМХАНАЛАРДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ.

Мұндай жағдайды біздің аудан тұрғындары да пайдаланып отыр. Бүгінде әр ауылда медициналық пункттер, аудандық аурухана, емхана, жылжымалы емхананың арқасында басы ауырып,балтыры сыздағандарға аудан ақ халаттылары, айтарлықтай демеу болып келеді.

Жылдағы үрдіс бойынша кетер жылға құрмет, келер жылға қошемет көрсету барысында кетіп бара жатқан барыс жылының аяғында аудан ақ халаттылары жыл қорытындысын саралау барысында бас қосқан болатын.

Сол салтанатты жиында аудандағы бір топ ақ халаттылар еңбектеріне қарай алғыс арқалап марапатталды.

Әр кез-келген қоғамда әр саланың мамандарының атқарар қызметі әр түрлі. Соның ішінде адам денсаулығы үшін жанын салатын ақ халаттылардың еңбегі ерен жөні бөлек.

Осы өткен жыл қорытындысында аудандағы еліне ұзақ жылдар бір кәсіпте тапжылмай табандылықпен еңбек етіп жүрген, барыс жылында өз еңбектерінде батылдық, табандылығымен көзге түсіп көпшіліктің ықыласына бөленген неонатолог дәрігер Райса Қайсарова «Еңбек ардагері», отоларинголог дәрігер Ербол Баенов «Асыл дәрігер» медальімен марапатталса, аурухананың акушері Айгүл Мамбетова «Мейірім» төс белгісін өңіріне тақты.

Марапат соңында аудандағы барша медицина саласында қызмет етіп жүрген әріптестерін аудандық аурухана бас дәрігері Берік Жаржанов, өткен жылдың жемісімен құттықтап, баршасының отбастарына амандық, еңбекте табыс,тыныш түндер, сәтті күндер көп болуын тілеген алғысын жеткізді.

Бақыт Имашев.