Қызмет алушының құқықтары қорғалды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.
Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі — халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.
Осылайша, қызметті алушы Көлік құралдарын есептен шығару үшін Ақтөбе облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталығына жүгінді.
Алайда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталықтың ақпараттық жүйесінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы ұйғарым пайда болғаннан кейін қызмет беруші мемлекеттік қызметті алудан бас тартты.
Кейін, қызмет алушы мұндай жағдайға келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, қорытындысы бойынша теміржол қозғалысы саласындағы қауіпсіздік сақталмаған кезде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылғаны анықталды.
Дегенмен, мұндай жағдайда бас тартулар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында төленбеген айыппұлдар болған жағдайда ғана берілуі тиіс.
Аталған жағдай ақпараттық жүйенің мемлекеттік қызметтің теріс нәтижесін беруіне әсер етті.
Департамент қызмет берушіге көлік құралдарын есептен шығару туралы ұсыным енгізіп, нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілді.
Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы М. Шманов.