Күндерек: 2300-ден астам отбасы біржолғы төлем алды

Су тасқынынан зардап шегіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.

Ақтөбе облысында қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау мақсатында беріліп жатқан біржолғы төлем бүгінде 756 млн 782мың теңгені құрады. Оны 2 330 отбасы алған.

Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек беру шаралары жалғасуда. Мемлекет басшысы айтқандай, табиғи апат салдарынан жапа шеккен тұрғындарға барынша қолдау көрсетіледі.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi