Күндерек: 2 700-ден астам отбасы біржолғы төлем алды
Су тасқынынан зардап шегіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.
Ақтөбе облысында қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау мақсатында беріліп жатқан біржолғы төлем бүгінде 890 млн 947 мың теңгені құрады. Оны 2 750 отбасы алған.
Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек беру шаралары жалғасуда. Мемлекет басшысы айтқандай, табиғи апат салдарынан жапа шеккен тұрғындарға барынша қолдау көрсетіледі.
t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi