«Күміс қоңырау» республикалық байқау
Өткен аптада Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Күміс қоңырау» атты аймақтық – республикалық театрландырылған қойылымдар байқауы болып өтті. Нәтижесінде оқушыларымыз сахналық қойылымды өз деңгейінде алып шығып, әділқазылардың көңілінен шығып арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Аталмыш сайыстың мақсаты — қазақ елінің рухани қазынасына айналған Қадыр шығармашылығының бір саласы – балалар әдебиетін насихаттау, оқушыларды ақын өлеңдеріне қызықтыру.
Бұл өнерлі додаға еліміздің түкпір – түкпірінен келген 14 команда, 150- ге жуық оқушы қатысты. Байқау барысында қатысушылар ақынның балаларға арналған өлеңдерінен қойылым құрап, көрермен назарына ұсынды. Осылайша аудандық балалар өнер мектебі театр бөлімінің педагогтары Бағдат Калаганов пен Баян Узакова жетекшілік ететін «Өркен» балалар театрының ұжымы да бақ сынады. Олар ақынның «Отырар ойраны» тарихи шығармасын сахналады.
Қарғалы-АҚПАРАТ.