ҚОС САЛАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

23 маусым күні аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер мен Қазақстан Республикасының Полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекеге жиналған қауым алдымен Мемлекеттік Әнұранды құрметпен орындады. Шара барысында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, еңбегімен ерекшеленген бірқатар азаматтарға марапаттар табысталды.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хатымен аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Ербол Жұмашев марапатталды. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілмановтың Алғыс хатымен Ащылысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Геннадий Новиков, Қос Естек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Диана Абдулова, Қарғалы аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Бибігүл Кулекенова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы Жайна Спанова және Бадамша ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қуаныш Гусманов марапатталды.

Бұдан бөлек, аудан әкімінің Алғыс хаты Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Асылан Жолболсын, Желтау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Диана Уналбекова, Бадамша ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Балдырған Қожашева, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айнагүл Бержанова және басқарманың бас маманы Әлия Қазыбаеваға табыс етілді.

Сонымен бірге, «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықованың Құрмет грамотасымен Ащылысай ауылдық округінің әкімі Асылбек Биманбаев, алғыс хатымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Тілектес Шындаулова марапатталды.

                             

Мерекелік жиын барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Таубаев, Кемпірсай ауылдық округі әкімінің көмекшісі Алмас Каюпов және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Евгений Султанов Ата Заңымызға қолдарын қойып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдады.

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Болат Ықыласов сала ардагерлері мен әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, аудандық Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Еркебулан Алимуханбетов пен аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция капитаны Аскар Абдуллинге құрмет көрсетті.

Және де «AMANAT» партиясының аудандық филиал төрайымы Надежда Заглядова да мерекелік лебізін білдіріп, партияның Ақтөбе облыстық филиал төрағасы Ербол Данағұловтың Алғыс хатын аудандық мәслихат аппараты бөлімінің басшысы Ертуған Даухаренов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлмира Мырзаболатоваға табыстады.

Салтанатты шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен қорытындыланып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА

 

ТегтерМереке