Комиссия жұмысы жалғасуда
Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде аудан әкімінің орынбасары Ержан Есімбаевтың төрағалығымен аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі бірлескен комиссия отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелер қаралды. Олар: 2024 жылдың 6 айы бойынша кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың жағдайы, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, әйелдер арасындағы жұмыссыздық мәселесі.
Комиссия мүшелері қаралған мәселелерді талқылап, ұсыныстар берді. Комиссия отырысының соңын комиссия төрағасы қорытыңдылай келе, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді.
Ж.МҰХАНБЕТЖАНОВА,
Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы