КОЛЛЕДЖДЕГІ “MEET UP”

Өткен аптада аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен Бадамша агротехникалық колледжінде “Meet up” форматындағы кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – ауданымыздан шыққан үздіктерді жас толқынға үлгі ету. Білім мен еңбекті ұштастырудың нәтижесінде жетістіктерге жеткен азаматтардың істерімен таныстыру.

Кездесуге колледж студенттері мен жастар орталығының басшысы Мейіржан Жұбан және де ауданымыздағы  “Lera” гүл дүкенінің иесі Надежда Копущу қатысты.

Сондай-ақ, мағыналы бас қосуда жастар арасындағы маңызды мәселелер тақырыбынды әңгіме өрбіп, қазіргі қоғамда шығармашыл, жан жақты дамыған, креативті жастарымыздың бастамаларын қолдау сынды ауқымды ой-пікірлерді ортаға салды.

Кездесуді ұйымдастырушы жастар орталығының басшысы «Оқушылар мен студенттер алдыңғы толқынға қарап бой түзеп, қазіргі қоғамда өзіндік ойын қалыптастыра алатын, ауданымыздың дамуы үшін атқарылып жатырған жұмыстарға белсене қатысуға мүмкіндік көп. Сондықтан да, мұндай кездесулердің маңызы зор. Кез келген істе тәжірибелі маманнан пікір алмасудың өзі адамға үлкен жігер береді»,- дейді М.Жұбан.

Сонымен қатар, жастармен өткен келелі кездесуде арнайы қонақ ретінде қатысқан ауданымыздың жас кәсіпкері, “Lera” гүл дүкенінің иесі Надежда Копущуда өзінің лебізін білдіріп, жеке іс бастағысы келетін жастарымызға өзінің тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін берді.

-Ең бастысы, қазіргі кезде кәсіппен айналысамын деген жанға мүмкіндіктер өте көп екенін айтқым келеді. Мемлекет жастардың бизнес идеялары мен start-up жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Көптеген гранттар, шағын несиелер, мұның барлығы ең әуелі жастар үшін тиімді мүмкіндік деп ойлаймын»,- деп атап өтті кәсі иесі.

Оған қоса Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны естеріңізде болар. Бұл шешім ел экономикасының дамуына жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Осы орайда кездесуде спикерлер 2025 жыл жұмысшы мамандықтардың жылы бойынша өз ойларын ортаға салып, ауыл аймақтарда өз ісін ашу, жұмысшы мамандықтардың қажеттілігі жайында талқылады. Студенттер қонақтарға өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтары туралы пікір алмасты.

Қарғалы-АҚПАРАТ