Қоғамдағы ең өзекті мәселелерді шешу мен нығайтуда маңызды қадам
Азиза Сарсанбайқызы,
«AMANAT» партиясы ғимаратының қызметкері
ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың “Ана тілі” газетіне өз сұхбатын берді. Қоғамдағы ең өзекті мәселелерін шешуде және Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі нығайтуда маңызды қадам болды. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, азаматтардың қарыз жүктемесін азайту, вейпингке тыйым салу арқылы жастардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ, есірткі бизнесі мен ойынға тәуелділікпен күресу секілді өмірдің негізгі салаларына әсер етеді. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын жақсартуға, бұзақылық пен вандализм үшін жауапкершілікті арттыруға ерекше назар аударылуда. «Келешек» жинақ жүйесін құру азаматтарға білім беру және тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Ең маңызды реформа 2025 жылдан бастап азаматтардың сот жүйесінің барлық деңгейінде сот төрелігіне нақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін мамандандырылған кассациялық соттарды енгізу екенін атап өтті.
Дегенмен, Президент атап өткендей, заңдарды дұрыс қабылдап қана қоймай, сондай-ақ, олардың әрбір азаматқа нақты және оларға пайда әкелетіндей бұлжытпай, тиімді орындалуына кепілдік беру маңыздылығын атап өткен болатын.