ҚҚС мөлшерлемесін саралау шағын және орта бизнесті қолдаудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады

Әсіресе ауыл шаруашылығы, медицина және білім беру салаларында төмендетілген мөлшерлемелер кәсіпкерлерге өз қызметтерін қолжетімді бағада ұсынуға мүмкіндік береді.
Бұл өз кезегінде бәсекелестікті күшейтіп, импортқа тәуелділікті төмендетуге және отандық өндірістің дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, ҚҚС-тың төмен мөлшерлемесі белгілі бір салаларда көлеңкелі экономиканың азаюына да себеп болуы мүмкін, өйткені салық жүктемесінің төмендеуі бизнесті заңды түрде жүргізуге ынталандырады. Осылайша, бұл реформа салық жүйесінің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлік ортаны нығайтуға бағытталған.
Бақыт ИМАШЕВ