Келелі кездесу, маңызды міндет
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов жұмыс сапарымен ауданымызда болды.
Сапар аясында кеңес төрағасы ҚР Мемлекеттік қызметке іріктеу және мемлекеттік қызметке орналасу талаптарын оңтайландыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ, Кемпірсай ауылдық округі әкімдігінің жұмысымен танысып, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар туралы талқыланды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы халыққа қызмет көрсету орталығына арнайы барып, қазіргі таңда жасалып жатырған жұмыстар легімен танысып, алдағы уақытта атқарылатын істеріне сәттілік тіледі.
Одан соң ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Шілманов ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша арнайы жиын өткізді.
Жиынға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Келелі жиын соңында, аумақтық департамент басшысы, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берді.
Қарғалы-АҚПАРАТ