KazFeltec ЖШС басшысы Ерлан Жаңабергенов Мемлекет басшысына қой жүнінен экологиялық таза әрі жылу сақтайтын материалдар шығаратын зауытты іске қосу жобасын таныстырды
▪️AqtobeCem компаниясының бас директоры Станислав Щербаков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе облысында жалпы сомасы 70 миллиард теңге болатын цемент клинкер өндіретін зауыттың жобасын ұсынды.
▪️«ҚазақБитум» компаниясының бақылаушы кеңесінің төрағасы Бекжан Мамыт Президентке сомасы 32,2 миллиард теңгені құрайтын битум зауыты-терминалын салу жобасы туралы айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің қолға алған жобаларының табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.