Қазақстанның конституциялық құрылымы тарихындағы ең мазмұнды реформа

Президент Тоқаевтың 2022 жылы жүргізілген конституциялық реформаны «Қазақстанның конституциялық құрылымы тарихындағы ең мазмұндысы» деп атауы, шын мәнінде өте орынды әрі әділ бағаланады. Бұл реформа мемлекеттің саяси жүйесіне терең өзгерістер алып келді, және оның жүзеге асырылуы көп жағдайда сол кезеңдегі саяси ахуалмен тікелей байланысты болды. Өзгерістер Конституцияға енгізілген түзетулермен шектелмей, оның негізгі ережелерін сақтай отырып, қоғамның жаңарған талаптарына жауап беруге бағытталды. Президенттің айтуынша, реформаны жүргізу барысында көптеген ұсыныстар болды, олар заңнамалық тұрғыдан дұрыс әрі саяси жағынан тиімді болып көрінгенімен, Ата заңның негізгі мәнін сақтау шешімі қабылданды. Бұл қадам Қазақстанның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге, халықтың сенімін арттыруға, елдегі ішкі бірлікті нығайтуға бағытталғаны анық көрінеді. Референдумның нәтижесінде Конституцияның үштен бір бөлігі жаңартылып, азаматтардың басты құндылықтары ретінде Әділдік, Ашықтық, Есептілік және Жауапкершілік принциптері енгізілді. Бұл өз кезегінде халықтың Конституцияға деген сенімін арттырып, демократиялық процестерді нығайтуға ықпал етті. Реформа мен оның нәтижесі елдің саяси мәдениетінің жаңғыруына және мемлекеттің әлемдегі беделінің нығаюына үлкен әсер етті. Сонымен қатар, бұл реформа Қазақстанның конституциялық жүйесінің қазіргі заманғы талаптарға сай болуына жағдай жасады, бұл оның алдағы дамуындағы маңызды қадам болды.

Президенттің Қазақстанның конституциялық құрылымын реформалау туралы шешімі елдің тұрақтылығын және ұзақ мерзімді даму бағытын көрсетті. Референдумның мақсаты халықтың құқықтары мен міндеттеріне қатысты маңызды мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндігін арттыру болды, және бұл мақсат толық орындалды деп айтуға болады.

Айнұр Болысбаева, әлеуметтік ғылымдар PhD докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы