Қазақстанда АЭС салу: референдум өткізуге қанша қаражат жұмсалмақ
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 6 қыркүйекте мәжіліс кулуарында Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына қатысты референдум өткізуге қанша қаражат қажет болуы мүмкін екенін айтты.
Журналистер Ерұлан Жамаубаевтан Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізуге қанша қаражат қажет болуы мүмкін екенін сұрады.
«Әуелі референдумның қашан өтетінін анықтап алайық. Референдум қашан болатынын түсінуіміз керек, содан кейін есептейміз», — деді Қаржы министрі.
Кейінірек ол барлығы ОСК-ның өтінішіне байланысты болатынын айтты.
Бұған дейін Шавхат Өтемісов ОСК Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша биыл референдум өткізуге дайын екенін айтқан еді.