Қазақстан Республикасы Президентімен 2023 жылғы 29 қазан – Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Қазақстан Республикасы Президентімен 2023 жылғы 29 қазан – Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Осыған орай, 29 қазан күні (сағ.00.00-ден 24.00-ге дейін) төмендегі шаралар орындалуы тиіс:
1. ҚР «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңына сәйкес барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, кәсіпорындарда мемлекеттік Тулар Тутұғырдың жарты биіктігінен төмен түсірілуі керек.
2. Барлық мәдени-көпшілік, спорттық және ойын-сауық шаралары тоқтатылуы қажет.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында көңіл көтеретін сауықтық телебағдарламалар мен жарнама беруді тоқтату қажет. Аймақтық, аудандық газеттерде көңіл көтеретін ойын-сауықтық бағыттағы ақпараттар жарияланбауы тиіс.
4. Мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының сайттары қара-ақ форматта болуы тиіс.