Полиция күніне орай аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті полиция қызметкерлері және ардагерлер!

Сіздерді 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ішкі істер органдары мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.

Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтап, беріктікті нығайту мақсатында құрылған қазақстандық полиция қызметі бұл күндері Тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді.

Отанымыздың, ел аумағының бүтіндігін сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етуді, халықтың тыныштығын алатын лаңкестерге қарсы ұйымшылдықпен күресуді, мемлекетке қауіп төндіретін кез-келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұруды мақсат еткен полиция қызметінің ел өміріндегі алар орны орасан зор. Әрдайым аудан халқының тыныштығын қырағы күзетіп, оны қорғауға және қылмыстардың белең алуына тойтарыс берудегі кәсібиліктеріңіз, қызмет барысындағы жоғары іскерліктеріңіз, халық арасында заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі жанқияр еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық.

Сіздерге төл мерекелеріңіз – қазақстандық полиция күні қарсаңында мемлекетіміз бен азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғам мен ел тыныштығын сақтау жолында күш-жігер мен төзімділікті, әділдік пен жауаптылықты талап ететін құқық қорғау саласындағы абыройлы да адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін!

Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілеймін!

Құрметпен,

аудан әкімі Н.Унербаев