Кассациялық сот

Сот жүйесінің сапасын арттыру және халықтың сотқа деген сенімін нығайту мақсатында дербес кассациялық сот құру жоспарлануда. «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, соның нәтижесінде жаңа үш кассациялық соттар құрылмақ. Атап айтсақ 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап дербес қассациялық сот өз жұмысына кіріседі. Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш дербес кассациялық соттарда істер 3 судьядан тұратын алқаның қарауына беріледі.
Кассациялық соттың шешімдері сот процестерінің әділдігін қамтамасыз етудің және қоғамның сот жүйесіне сенімін нығайтудың манызды құралы болып табылады. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, кассациялық сот заң бұзушылықтарды түзетіп, әділеттілікті қалпына келтіреді. Бұл сот шешімдерінің ашықтығын арттырып азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Кассациялық сот, сот шешімдерінің заңдылығын бақылайды. Төменгі инстанциялар қабылдаған шешімдердің заңдылығын тексеріп, сот шешімдерінің заңға сәйкес әділ болуын қадағалайды. Сот тәжірибесінің біркелкілігін қаматамасыз етеді. Бұл дегеніміз, соттар заңды бірізді және түсінікті түрде қолдануы тиіс, бұл халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырады. Сондай-ақ, сот тәжірибесіндегі әртүрлі түсініктемелер мен қайшылықтардан аулақ болу үшін кассациялық сот заңды дұрыс түсіндіру және қолдану жөнінде бағыт береді.
Сонымен қатар, апелляциялық тәртіптің айырмашылығы, кассациялық іс жүргізу іс бойынша жаңа фактілерді анықтауға емес, сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеруге бағытталған.
Айнур ДЖУНДИБАЕВА,
Қарғалы аудандық сотының төрағасы