Қасиетті домбыраны дәріптеген ауыл балалары

Халқымыз қара домбыраны қадір тұтып, ата-бабадан бүгінгі күнге жеткізген күйшілердің ізін жалғаған  ізбасарлары еліміздің қай өңірінде де табылады. Күллі әлемді күмбірлеген үнімен тәнті еткен қазақтың қара домбырасы мәңгілік. Домбыраның мерейін асқақтатар күйшілеріміз көп болсын.

Біздің айтпағымыз домбыраның қасиетін дәріптеуде өзіндік үлесі бар  аудандағы Әлімбет орта мектебінің «Сарыарқа» халықтық домбыра оркестірінің  жетістіге жайлы айтпақшымыз.

Қазақ айтқан «Тауық сойса да, қасапшы сойсын» дегендей, жетекшілері нағыз домбыраның құлағында ойнаған музыка пәнінің маманы. Ата-бабаларынан келе жатқан домбыра басқа да аспаптың үнін жалғастырушы.  Ерболат Кенжеханның  туып-өскен  елді мекені  Моңғол республикасына қарасты Баян-Өлгей өңіріндегі Сагай ауылы  «Қалақшылар» ауылы деп аталады екен. Олай деудің себебі, қазақтың түрлі домбыра, қобыз, сыбызғы т.б аспабымен даланы шулатқан өнерпаздар мекен етсе керек. Заманында ауылдарына бір молда келіп қонып, кешке қарай түрлі музыканың дыбысын естіп, бұл ауылды жын-пері жайлаған деп, аяғы жеткен жерге лақап таратады. Молданы құп көрген ауылдағы дүмше молдалар «даңғаза шуды тиыңдар»,- деген шешім шығарыпты. Ол кезде ауыл ақсақалдары айтса заң, содан біраз уақыт сап тиылған, ауыл тұрғындары сырнай, қобыз, домбырамен отбасы кештетіп  тығылып бәсең дыбыспен өнерлерін жалғастырған деседі. Осындай өнерпаз ауылдың ұлы Ерболат та домбырамен қатар басқа да аспапты қадір тұтып, меңгеріп кейінгілерге дәріптеуден кенде емес. Ауыл балаларының басын қосып, домбыра оркестрін құрса, араларында республика, облысқа танылып жүрген өзге ұлт өкілдері де баршылық.

Әлімбет мектебінде  музыка пәнінен шәкірттерге білім берген ұлағатты ұстаздың тәжірибесі 30 жыл. Өнерлі балаларды өрге сүйрегеніне де 25 жылдан асып барады. Осы жылдары музыкалық біліммен қатар домбырашылық бағытта білім алғандары қаншама. Оркестрға үзбей қатысқан бір шәкірті музыкалық саладағы жоғарғы оқу орынын тәмамдап, бүгін де өзімен әріптес болғаны да жетістіктің нышаны.

Аты ауыл-аймаққа таныла бастаған ауылдық  домбырашылар оркестрі 1998 жылы сегіз оқушымен басталып, 1999 жылы 18 жасөспіріммен толығып, «Сарыарқа» домырашылар орекестрі ауылдан ауданға таныс бола бастаған. 2016 жылы халықтық «Сарыарқа» домырашылар  ансамблі болып өнер көрсетсе, 2019-2022 жылдар аралығында «Сарыарқа» халықтық домбырашылар  ансамблі атағын қорғаған. Негізінен алғанда 60 жасөспірімнен құрылған шағын ауылдық өнерпаздардың  өнер жолындағы жетістігін аудан жұртшылығына таныту болатын.

Расында, ауданда жоқ  оркестрді 60  жас өнерпаз баламен ашып, шағын ауылдың шырайын келтіру ерлікпен пара-пар екені де ақиқат. Біз айтып отырған өнерпаздар аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық, байқаулардың жүлдегерлері.

Бүгінгі әңгімемізде біздің айтпағымыз, қасиетті қара домбыраны дәріптеп жүрген ауыл балаларының жетістіктерімен таныстыра отырып, аудан халқы атынан алғыс айту. Айтылған жетістіктің түйіні, қасиетті домбыраны дәріптеп, тілін білуге талпынған балаларына бастан аяқ демеушілік көрсетіп келе жатқан Әлімбет ауылының ата-аналарына қасиетті қазақтың қара домбырасына көрсеткен құрметтері үшін алғыс айтуға болады.

Келер сөздің орайы, аңыз әңгімеде айтылып жүрген кезінде қаһарлы ханның баласы киелі киікті атам деп қаза болады. Сол кезде ханның әмірінен қорыққан билер, шешендер жеткізе алмаған азалы хабарды жеткізіп, хан әмірімен қақпағына қорғасын құйылған осы қасиетті қара домбыра болатын. Қазақпен сан ғасырлар бірге жасап келе жатқан қазақтың қара домбырасына кім қалай құрмет көрсетсе де артық етпейді.

Ендеше, Әлімбет деген іргелі елдің азаматтары да домбыраны дәріптеп, елге шағын ауылын танытып жүрген ұл-қыздарына  демеушлік білдірсе, нұр-үстіне нұр болар еді. Қолдаушысы бар болса, «Сарыарқаның» әлі самғары анық.

Бақыт ИМАШЕВ