Қарғалы ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарының назарына!

2025 жылғы көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін “КЕҢ ДАЛА-2” мемлекеттік бағдарламасына өтінімдер қабылдау жүруде

НЕСИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ:

Жобаға қатысушы

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі дала жұмыстарын және жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру

Несиелеудің максималды сомасы

1 млн. теңгеден 1 млрд. теңгеге дейін

Несиелеу

мөлшерлемесі

 

Жылдық 5 %

Несиелеу мерзімі

2026 жылдың 1 наурызына дейін

Қамтамасыз ету объектісі

Жылжымалы және жылжымайтын мүлік

Кредиттің мақсатты бағыттары:

— Көктемгі дала және жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыру;

— Көктемгі дала және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруды алдын ала қаржыландыру.

Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар

1.Өтініш берушіде Екінші деңгейдегі банктер және/ немесе қаржы институттары алдындағы міндеттемелер бойынша қолданыстағы мерзімі өткен жарнаның болмауы;

2.Кепілмен қамтамасыз ету құжаттарын тексеру , атап айтқанда барлық ғимараттар заңдастырылуы немесе техникалық паспортқа сәйкес келттірілуі тиіс;

3.Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша салық берешегінің болмауы;

Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ