Қарғалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы тағайындалды

«Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, Бақытжан Абылұлы Маханов Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарғалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Маханов Бақытжан Абылұлы  1974 жылы 03 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Кәсіптік жоғары білімді экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1999 жылы Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитетінің шағын бизнес бөлімінің бас салық инспекторы лауазымынан бастап, 2007 жылы Ақтөбе қаласы бойынша Салық комитетінің мобильді тобының бастығы, 2019 жылы Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау басқармасы Кеден одағы шеңберінде әкімшілендіру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы басшысы лауазымын атқарды.