Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулағаннан кейін қандай шаралар қолданасыздар?

Жауап: Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30

желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 25 бабына сәйкес, Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу мемлекет,

жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын дара кәсіпкерлер және

мемлекеттік емес заңды тұлғалар жануарларды стерилизациялау, жайластыру, халыққа білім беру іс-

шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қаңғыбас жануарлардың санын азайту үшін

қабылдайтын шаралар кешенін білдіреді.

Сұрақ:Қаңғыбас иттер мен мысықтарды қандай жағдайларда жансыздандырады?

 

Жауап: Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 15 бап 1 тармағына сәйкес, егер жануарлардың физикалық қиналуын өзгеше тәсілмен тоқтату мүмкін болмаса, жануарлардың физикалық қиналуын тоқтату үшін;

2) жануарлардың жаңа туған төлінде ауытқулар мен кемістіктердің анық білінген белгілері болып, ол тіршілік етуге қабілетсіз болған кезде;

3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жабайы жануарлардың санын реттеу мен аң аулау, балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу кезінде;

4) жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда;

5) адамның және жануарлардың саулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жою кезінде жол беріледі.