Игі істер марафоны

Марафон ағымдағы жылы 1 наурыз – 1 желтоқсан аралығында өтеді.
Сондай-ақ, www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетігі орналастырылады, ол «игі істердің» жалпы санын есептейді.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші онкүндігінде белсенді қатысушыларды 7 негізгі номинация («Жүректен жүрекке», «Қоғам игілігі үшін», «Салауатты қоғам», «Жақсылықтың жаршысы», «Инклюзивті келешек», «Табиғат қорғаушысы», «Жануарлар жанашыры») және 6 арнайы номинация («Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді жоғары оқу орны», «Ең мейірімді мектеп», «Ең белсенді медиа») бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.
Акция немесе іс шара өткізу кезінде әлеуметтік желілерде хэштегтер қолдана отырып жариялау қажет:

✅Хештег: #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025