Халық референдумда шешеді

Жылкыбаева Гүлзира Кайраткызы

АЭС-тің құрылысына қарсы айқайлап жүргендер, бәлкім, бұл тақырыпты зерттемеген шығар. Мен зерттедім, көп нәрсе оқыдым, ғалымдардың сұхбаттарын көрдім. Тек өзіміздің емес. АЭС-лар дәстүрлі автомобильдерден әлдеқайда қауіпсіз болды. Одан зардап шегу қаупі, жол-көлік оқиғасына түсу қаупінен аз болады.

—  Халық референдумда шешеді, алға жылжып, заманауи технологияларды дамытамыз ба, әлде бір орында қалып кетеміз бе. Ал бірнеше жылдан кейін біз тағы да тоқтап қаламыз, себебі жарық өшіріледі. Алға жылжу керек және технологиялардың қаншалықты алға басқанын ұмытпауымыз керек.

—   АЭС енді бірегей нысан емес. Әлемнің әр түкпірінде оларды салып, пайдаланып жатыр. Мен американдықтар немесе қытайлықтар осындай станцияны жабуды талап еткенін ешқашан оқыған емеспін. Керісінше, қараңыз, қанша жаңа АЭС салып жатыр. Ал біз Ресейден энергия сатып ала береміз бе?

—  Мен АЭС-тің мәселесін осылай қарап отырмын, оны салмаса, жақын арада біз толығымен көршілерден электр энергиясын сатып алатын боламыз деп ойлаймын. Өзбекстан АЭС салатын болса, оңтүстік үшін олардан сатып алып отырамызба? Сонда патриотизм қайда қалады? Өзімізді қамтамасыз етуіміз керек, әйтпесе, үлкен ел болып, өз электр қуатымыз болмайды — бұл ұят.

— АЭС-тің құрылысы туралы бізді қорқытып жүрген провокаторларға назар аударудың қажеті жоқ. АЭС-тің бізге қандай пайда әкелетінін, экономикаға қалай әсер ететінін және қанша адамның жұмыс табатынын рационалды түрде қарастыру керек. Нәтижесінде плюстар минустардан көп болып шығады. Оның үстіне, минустар мүлде болмауы да мүмкін.

 

ТегтерАЭСПікір