Еңбек еленіп, алғысқа бөленді
Жаңа жылдың басында, яғни өткен аптада аудан әкімі Асқар Жүсібалиев ауданымыздағы абыройлы еңбек етіп жүрген түрлі сала мамандарын қабылдап, құрмет көрсетті.
Мемлекеттік қызмет – жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым. Сондықтан да, абыройлы қызметте жүрген лауазым иелеріне артылар жүк қашан да ауыр. Осы орайда аудан басшысы өлкеміздегі полиция, медицина мамандары мен коммуналдық қызмет саласында ұзақ жылдар бойы тынбай еңбек етіп, түрлі саланың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.
Сондай-ақ, ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген сала қызметкерлеріне аудан әкімі өзінің лебізін білдірді.
– Әрбір саланың өзіндік жауапкершілігі мен қатар қиыншылығы да бар. Сіздер жылдың төрт мезгіліндегі әр түрлі құбылыспен келетін ауа-райына немесе демалыс, мереке күндеріне қарамастан өз істеріңізді адал атқарғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін,-деді аудан әкімі.
Жұлдыз КЕНЖЕ