ДЗЮДОШЫ НҰРЖАН — ЖҮЛДЕГЕР

ДЗЮДОШЫ НҰРЖАН — ЖҮЛДЕГЕР

Өткен аптада Семей қаласында 2003-2005 жылғы туған жастар арасында дзюдодан өткен ел чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан дзюдошыларының шеберлігі сыналатын бәсекеге 3 қала және 16 облыстан барлығы 700-ге жуық мықты спортшы қатысты.

Ел чемпионатына біздің Қарғалы ауданынан Бадамша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Нұржан Бисенов те барып қатысқан болатын.

Аудан ғана емес, облыстың намысын қорғап жүрген спортшымыз Нұржан Бисенов намысты қолдан бермей, Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша, 81 келі салмақ дәрежесінде II орынға ие болды.

 Қарғалы-ақпарат.