Дұрыс таңбаланған ойыншықтар
Балалардың денсаулығына зиян тигізбес үшін ойыншықтарды аса маңыздылықпен таңдау керек. Сондықтан, ойыншық сатып алмас бұрын, олардың таңбалануына мұқият қараңыз, ол мемлекеттік және орыс тілдерінде, толық, анық, оқуға оңай болуы керек.
Ойыншық жасалған материалға назар аударыңыз, ол қауіпсіз, таза және ластанбаған болуы керек. Ойыншықтың иісіне, түсіне және дыбысына назар аударыңыз.
Ойыншықтың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатқа (сәйкестік сертификаты) және оны сатып алатын жерге назар аударыңыз. Ойыншықтарды сәйкестік сертификаттары бар мамандырылған дүкендерден сатып алған дұрыс. Сертификаттың болуы ойыншықтың Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2013 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетеді.
Сонымен қатар, ойыншық психологиялық, педагогикалық және эстетикалық тұрғыдан қауіпсіз болуы керек екенін есте ұстаған жөн, адамдар мен заттардың келбеті шынайы өмірдегі нұсқаларына жақын болуы керек.
Физикалық қауіпсіздік – бұл баланың ойыншық бөлшектерін кездейсоқ жұтып қоймауы.
Психологиялық қауіпсіздік – ойыншық шығаратын дыбыс қатты болмауы керек, бұл балалардың есту қабілетіне зиян. Ойыншық бала үшін қорқынышты болып көрінбеуі тиіс.
Айнагуль БЕРЖАНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы