Достық пен келісім – ел бірлігінің бастауы

Айнұр Болысбаева,
әлеуметтік ғылымдар PhD докторы,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
«Қазақстан халқы Ассамблясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы
Достық пен келісім – қоғамның берік негізі. Әсіресе көпұлтты еліміз үшін бұл құндылықтардың мәні айрықша. Достық бар жерде сенім, өзара құрмет пен қолдау орнайды. Келісім – кез келген дау-дамайды өркениетті жолмен шешудің кепілі. Егер адамдар бір-бірін тыңдап, түсінуге тырысса, ортақ мақсатқа жету жеңілдейді.
Біздің қоғамда достық тек жеке қарым-қатынас емес, ол – тұрақтылықтың, бейбітшіліктің және ел дамуының тірегі. Сондықтан әрбіріміз өзара келісімді сақтауға, достықты бағалауға үлес қосуымыз қажет.




