ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Қоғамның жаңғыру кезеңінде дін мен қоғамның өзара байланысы ерекше өзектілік пен маңыздылыққа ие болады. Осы жұмыста діннің кейбір анықтамалары, оның әртүрлі типтері мен функциялары, сондай-ақ діннің қазіргі өзгермелі әлемдегі рөлі мен мәні қарастырылады. Әртүрлі өркениеттердегі діндердің тарихын зерделей келе, ғалымдар діни түсініктер мен салттардың негіздерін олар тіршілік ететін қоғамдардан іздеу керек деген тұжырымға келген.

Дін – адамзатпен бірге жасасып келе жатқан түрлі тарихи кезеңдер мен қоғамда өзін әртүрлі пішінде көpсетті. Адамзаттың рухани сұраныстарының түрлілігіне байланысты діндер де әртүрлі аталды. Дүниедегі халықтар, мемелекеттер өз тарихын зерттегенде діни, рухани үдерістерді негізге алады. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша жаpатылыстың қожасы eкенін, біpақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіpетін нәрсе – дін. Бұл кез-келген халықтың тарихи тағдырында діннің маңызды pөл атқаратындығын, оның pухани, мәдени өpкендеyінің көкжиектерін айқындайтын негізгі фактоp екендігін көрсетеді.

Қазір барлық адамдар қоғамдық сарапшыға айналды. Дін тақырыбы көтерілсе әркім өзінше пікір айтып жатады. Қалай болғанда да әрбір айтылған пікір жалпы жұртқа ықпал етіп жатыр деп ойлаймын. Егер талап туып жатса ол жерде мәселе бар деген сөз. Көбінесе мәселенің салдары ортаға тасталады. Себебі назардан тыс қалады. Қазіргі еліміздегі діни таластың артуына көптеген себептер бар. Бұл халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дін түсінігіне қайшы көріністер мен діни практикалар. Оны таратқан ауызекі тілде дәстүрлі емес деп белгі тағып жүрген ағым өкілдері. Олар қалай тарады елімізде дейтін болсақ, шет елде діни білім алудан, шет елден діни білім беретін адамдардың келуімен басталды. Өзімізде діни уағыз айтатын, шариғаттың ақ пен қарасын ажырататын білімді адам аз болды. Міне сол кезде шет елден елімізге діни білім беретін оқу орындары мен уағызшылар келіп, әртүрлі оқу орындарын ашты, қазірде олардың барлығы дерлік жабылды. Сонымен бірге олар өздеріне ұнаған, зерек санаған, талпынысы бар балаларды өз елдеріне жіберіп оқытты. Жас балалар барған соң ол жақтағы діни ахуалды, жамағаттың «қамқорлығын», әлеуметтік қолдау көрді. Діни біліммен қатар сол халықтың менталитетін де бойына сіңірді. Негізгі білім мен рухани құндылықты елімізде бойына сіңірмей барған жастар бар тапқанын ақиқат санады. Міне солар елге келген кезде немесе келмей сол жақтағы уағызын бастаған кезде дінге ашық халықтың арасында көп сұрақтар туындады. Қарсы келуге құдайдан қорықты, қарсы келмесе ондайды көрмеген ақыры біразы солардың артынан еріп жамағат болды. Қарсы келгендері діннен безе бастады. Ортада қара халық қарап отыр.

Жалпы дін дегеніміз – адамның өзін өзі тәрбиелеп, екі дүниелік бақытына жол ашатын, оқу-білімге жетелеп, бойына ізгі қасиеттер сіңіріп, қараңғы кеудесін иман нұрымен жарықтандырып, көркем мінез сыйлайтын бірден бір ілім. «Иманы кеткеннің жиғаны кетеді» дегенді терең түсінген бабаларымыз: «Жиғанымды алсаң да, иә, Алла – иманымды алма», – деп дұға жасаған. Мына қоғамның ең басты байлығы – адам болғандықтан, адамға тура жол көрсетіп, ақ пен қараны ажыратып тұрған діннің де алар орны ерекше. Сондықтан дін мен саясаттың беріктігін қоғамның беріктігі деп түсінгеніміз жөн. Осы екі сала жарылмайтын жаңғақтай жұмыр дүниеге айналғанда ғана, ешкім де ішімізден ірітіп, іргемізді ажырата алмайды. Дін діліміз һәм діңгегіміз екенін естен шығармайық.

Нұрлан ҚЫРЫҚБАЕВ,

аудандық «Ас-Самиғ» мешітінің бас имамы